Навигация

Баннеры

Регламент работы

Көксу ауданы әкімі аппаратының
РЕГЛАМЕНТІ

 
1. Жалпы ережелер
1. Көксу ауданы әкімінің аппараты (бұдан әрі – аппарат) аудандық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Аппарат аудан әкімдігі мен әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
3. Аппаратты аудан әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
4. Аппарат туралы ережені, оның құрылымын Алматы облысының әкімдігі белгілеген лимиттер шегінде аудан әкімдігі бекітеді.
5. Аппараттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен, Аппарат туралы ережемен және осы Регламентпен реттеледі.
2. Аппараттың жұмысын жоспарлау
6. Аппарат өз жұмысын әкімнің іс-әрекет жоспарларына және нұсқауларына, облыс пен қаланың дамуының тұжырымдамалары мен бағдарламаларына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да құжаттарға сәйкес құрады.
Жоғарыда аталған құжаттар негізінде аппараттың бір жылға және айға арналған жұмыс жоспары жасалады.
7. Аппарттың алдағы айға арналған жұмыс жоспарына жобаларды аппараттың және әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінің жұмыс жоспары негізінде ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімі жасайды, аудан әкімінің орынбасарымен келісіледі және аппарат басшысы қол қойғаннан кейін өтетін ай аяқталғанға 5 күн қалғанға дейін аудан әкіміне бекітуге ұсынылады.
8. Аппараттың алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын аппараттың және әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінің қала әкімінің орынбасарымен келісілген жұмыс жоспары негізінде ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімі жасайды және аппарат басшысы қол қойғаннан кейін, өтетін жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей аудан әкіміне бекітуге ұсынады.
3. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі
9. Аудан әкімдігінің отырысы мен қаулыларының жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі әкімдіктің Регламентімен белгіленген.
10. Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі – жобалар) әзірлеуді әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері мен атқарушы органдар Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына, әкімдік Регламентіне, әкім аппаратының іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығына және осы Реглментке сәйкес жүзеге асырады.
11. Бірінші басшылар немесе оларды ауыстырушы тұлғалар қол қойған жобалар аппаратқа мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
Жобаны осы бағытқа жетекшілік жасайтын әзірлеуші органның басшысы немесе орынбасары ұсынады.
Шешім (өкім) жобасын әзірлеуді жүзеге асырушы атқарушы органның бірінші басшысы оның мезгілінде, сапалы әзірленуіне, мемлекеттік және орыс тіліндегі мәтіндерінің бірізділігіне, осы Регламенттің талаптарын сақтауға дербес жауап береді.
12. Жобалар міндетті түрде келісіледі:
1) Құзыретіне қарай мүдделі атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік қаралатын мәселелердің мән-жайы ескеріле отырып, сондай-ақ жобада атқарушы органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді;
2) жобаның экономикалық орындылығы және ауданның даму стратегиясына, мемлекеттік мекемелердің стратегиялық жоспарларына, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер болжамдары мен бюджеттік параметрлерге сәйкестігі мәселелері бойынша «Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен.
13. Жобаны әзірлеуші жобаны аппаратқа енгізу кезінде түсіндірме жазбада аталмыш жобада мүдделері қозғалатын орган бұрыштамасының болмау себептерін (мұндай дерек болған жағдайда) міндетті түрде көрсетеді, бұл ретте, енгізілген материалдарға тиісті органдарға келісу үшін енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделі органға келісуге жіберілмеген болып есептеледі.
Қажет болған жағдайда әкімнің, әкім орынбасарының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келісуге жіберілуі мүмкін.
14. Әзірлеуші осы жобаны қабылдау қажеттілігін, ол қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық салдарын, оны іске асыруға байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсіндірме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкімдіктің және әкімнің қандай актілері қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтер жобаға қоса беріледі.
Егер актілер жобаларының нормативтік сипаты болса және/немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қозғаса, әзірлеуші түсіндерме жазбада нақты мақсаттарды, күтілетін нәтижелердің мерзімдерін және енгізілетін ұсыныстардың тиімділігін көрсетуге міндетті. Бұл актілерді әкім қабылдаған жағдайда, әзірлеуші олардың іске асырылу қорытындылары бойынша актілерде белгіленген мерзімдерге сәйкес, қолданыс нәтижелері жайында қысқаша есеп беруі тиіс.
15. Атқарушы органның бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлға бұрыштама соққан шешім (өкім) жобасын енгізген кезде, оған бірінші басшының міндеттерін атқару жүктелгені туралы бұйрықтың көшірмесі жобаға қоса беріледі.
16. Көлемі екі парақтан асатын жобалардың және жобалардың қосымшаларының әр парағына әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қоюы тиіс.
17. Жобаны әзірлеуші жобада бір мезгілде әкімнің шешімдері мен өкімдерін қабылданатын актілерге сәйкес келтіру жөнінде нормаларды ескереді және/немесе нақты мерзімдер белгілей отырып, оларды сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейді.
18. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жобаның іс жүргізу талаптарына сәйкестігін және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің бірізділігін тексереді, ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадр жұмысы жөніндегі бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне сараптамадан өткізеді.
19. Тексеріс және сараптама жүргізу барысында немесе оның нәтижелері бойынша жоба мынадай негіздер бойынша әзірлеушіге пысықтау үшін қайтарылуы мүмкін:
1) оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі;
2) жобаның мемлекеттік және орыс тіліндегі мәтіндерінің бірізді еместігі;
3) іс жүргізу, шешім мен өкімдер жобаларын ресімдеу (заңгерлік техника) және осы Регламент талаптарының бұзылуы.
Басқа желеулер бойынша теріс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшін негіз бола алмайды.
20. Жобаларды әкімнің орынбасарларында келісу міндеттердің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылады. Жобаларда мазмұндық сипаттағы ескертулер туындаған жағдайда, әкімнің орынбасарлары қажетіне қарай нәтижелері хаттамамен ресімделетін кеңес шақырады.
Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейін аппарат басшысы ол бойынша шешім қабылдау үшін әкімге немесе оны алмастыратын тұлғаға ұсынады.
21. Әкімнің шешімдері мен өкімдеріне әкім қол қояды. Актілерге қол қойылғаннан кейін олардың түпнұсқаларына түзету енгізуге тиым салынады.
22. Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің елтаңба мөрімен расталған көшірмелерін аппараттың жалпы бөлімі құрылымдық бөлімше жасаған және жоғарыда аталған бөлімшенің басшысы бекіткен тарату тізбесіне сәйкес таратады.
Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары әкім аппаратының жалпы бөлімінде сақталады.
Құжаттардың мезгілінде шығарылуы және хат алушыларға таратылуына аппараттың жалпы бөлімі жауап береді.
23. Әкімнің қабылдаған актілерін аппараттың жалпы бөлімі тіркейді және есепке алады.
24. Әкімнің жалпы міндетті маңызы, ведомоствоаралық сипаты бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты барлық актілері әділет органдарында тіркеуге және Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілген тәртіппен конкурстық негізде құқыққа ие болған мерзімді басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады, аудан әкімінің интернет-ресурстарында орналыстырылады.
25. Аудан әкімінің құпия емес шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналарынан техникалық қателер анықталған жағдайда олар аппарат басшысының рұқсатымен ауыстырылады. Хат алушылар түзетілген нұсқасын алғаннан кейін шешімдердің (өкімдердің) бастапқыда таратылған даналары аппараттың жалпы бөліміне жою үшін қайтарылуы керек.
26. Жергілікті атқарушы органдар республиканың заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқықтық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оларды күшін жойды деп тану жөнінде уақытылы шаралар қабылдау үшін өздері әзірлеушілері болып табылатын қабылданған шешімдердің (өкімдердің) тұрақты мониторингісін жүзеге асыруға міндетті.
27. Әкім қабылдаған, мемлекеттік құпиясы немесе заңмен қорғалатын құпия сыры барларынан басқа, нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін мүдделі тұлғаларға мүмкіндік беруді аппарат басшысының келісімімен аппараттың жалпы бөлімі жүзеге асырады.
4.Заңнамалақ актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының, облыс әкімі, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртібі
28. Заңнамалақ актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілерін орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес жүргізіледі.
29. Бақылау объектілері мыналар болып табылады:
1) аудан әкіміне орындауға жіберілген облыс әкіміне, жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері немесе актілерінің тармақтары;
2) аудан әкіміне орындауға жіберілген халықаралық іс-шаралардың және өңірлік жұмыс сапарларының нәтижесінде облыс әкіміне тапсырма берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары немесе тапсырмаларының тармақтары;
3)аудан әкіміне орындауға жіберілген Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестердің, отырыстардың және қоғамдық маңызды іс-шаралардың хаттамаларындағы облыс әкіміне тапсырмалар немесе тапсырмалардың тармақтары;
4) Мемлекет Басшысының жеке тапсырмалары:
5) «Бақылауға алынды» белгісі болған жағдайда қызметтік және басқа құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары немесе тапсырмаларының тармақтары;
6) аудан әкіміне орындауға жіберілген облыс әкіміне немесе жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар бар Үкімет қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері, Үкімет отырысының, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысындағы отырыстардың хаттамалары;
7) орындау мерзімдері көрсетілген немесе бақылауға алу туралы, «шұғыл», «өте шұғыл», «тездетілсін» белгісі бар Премьер Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының Премьер-Министр Кеңсесінің, Кеңсе Басшысының (оның міндетін орындаушы тұлғаның), облыс әкімінің атына жолданған тапсырмалары, сондай-ақ мазмұнынан бақылауға алу қажеттігі туындайтын тапсырмалар;
8) облыс әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысында болған жиналыстардың аудан әкімі, оның орынбасарлары, жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалары бар хаттамалары;
9) Парламент, маслихат депутаттарының сұраулары;
10) жеке және жеке тұлғалардың өтініштері;
11) орталық мемлекеттік органдардан келісу үшін түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары;
12) прокурорлық қадағалау актілері;
13) мазмұнынан белгілі бір мәселелерге қатысты жауап қайтару, түсінік беру, ұсыныс енгізу қажеттілігі туындайтын мемлекеттік органдардың хаттары;
14) облыс әкімдігі мен облыс әкімінің аудан әкімдеріне, жергілікті атқарушы органдардың басшыларына тапсырмалар берген актілері;
15) облыс әкімінің жиналыстарда, есеп беру кездесулерінде, облыс бойынша жұмыс сапарларында берген тапсырмалары;
16) аудан әкімдігі мен әкімінің аудан әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына, жергілікті атқарушы органдардың басшыларына тапсырмалар берген актілері;
17) аудан әкімінің есеп беру кездесулерінде берген тапсырмалары.
30. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс әкімі мен қала әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайтын субъектілер келесі лауазымды тұлғалар болып табылады:
1) аудан әкімінің орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларының жетекшілік ететін бағыттары бойынша сапалы және уақытында орындалуын қамтамасыз етеді;
2) аппарат басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс әкімі мен аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды және орындаушылық тәртіптің сақталуын ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің өзара тиімді әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Аталған лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс әкімі мен аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын уақытында және сапалы орындауға дербес жауап береді.
31. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс әкімі мен аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуы актілер мен тапсырмаларда көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз етіледі.
32. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларында көрсетілген тасырмаларды орындау мерзімі облыс әкімі аппаратына түскен күннен бастап жұмыс күнімен есептеледі.
33. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар, егер басқа жағдайлар Қазақстан Республикасы Президентімен белгіленбесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі аптадан асырмай орындауы керек.
34. Егер жоғары тұрған органнан келіп түскен акті мен тапсырмада мәселені мемелекеттік органдар мен ұйымдардың бірлесіп қарауы көзделетін болса, онда ақпаратты қорыту мен жауап беру үшін акті мен тапсырмада бірінші немесе атауының жанында «(жинақтау)», «(жауапты)» белгісі тұрған мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы жауапты болып табылады.
Акті мен тапсырмада бірінші немесе атауының жанында «(жинақтау)», «(жауапты)» белгісі тұрған мемлекеттік орган бірлесіп орындаушы- мемлекеттік органдардың атына өз құзыреті шегінде ақпарат беру жөнінде ресми сұраныспен шығады. Бірлесіп орындаушы - мемлекеттік органдар (ұйымдар) жинақтауды жүргізетін мемлекеттік органға (ұйымға) өз ұсыныстарын енгізеді.
35. Қажет болған жағдайда орындаушы - мемлекеттік орган аудан әкімі немесе оның орынбасарларымен бекітілетін Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, Президент Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзірлейді.
36. «Бақылауға алынды» мөртабанымен түскен тапсырмаларда мерзімдері белгіленбеген жағдайда, онда олар облыс әкімі аппаратында тіркелген күннен бастап облыс әкімі аппаратына немесе жинақтауға жауапты облыстық басқармаға ақпарат бере отырып, бір ай ішінде орындалады, басқа жағдайларда ақпарат қосымша сұрау салу бойынша ұсынылады.
37. Тапсырмалар мен актілерді мерзімінде орындау мүмкін болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның басшысы алдын ала, белгіленген мерзімге екі күн қалғанға дейін тапсырманы орындаудың барысы, орындау мерзімін ұзарту немесе оны орта немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы дәйектелген негіздемені көрсете отырып, жоғары тұрған органға тапсырма берген лауазымды тұлғаның қолы қойылған хат дайындайды.
38. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс әкімі мен аудан әкімінің шешімімен орындау мерзімдерін ұзартуға, соның ішінде оларды орта немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға бір рет қана жол беріледі.
39. Актілер мен тапсырмаларды орындау мерзімін қайтадан ұзартуға, тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс әкімі мен аудан әкімінің шешімімен жол беріледі.
40. Құжаттардың орындалу мерзіміне бақылауды осы жұмыс жайында аппарат басшысын жүйелі түрде хабардар ете отырып аппараттың жалпы бөлімі ұйымдастырады. Облыс әкімінің тапсырмаларына бақылауды ұйымдастыруды аппараттың жалпы бөлімі жүргізеді.
41. Әрбір бақылау құжаты бойынша атқарушы органдардың жауабын немесе есебін алған соң аппарат бөлімдері:
1) актілердің орындалу сапасының деңгейін анықтау, орындаудағы ауытқушылықтың болуы, оның себептерін жою үшін келіп түскен мәліметтерге талдау жүргізеді;
2) актінің орындалуына бақылау жасауға өкілетті әкімнің орынбасарына немесе аппарат басшысына талдау қорытындыларын, сол сияқты талдау барысында әзірленген ұсыныстарды баяндайды;
3) әкімнің орынбасарының немесе аппарат басшысының тапсырмасы негізінде ұсыну мерзімін көрсете отырып, сапасыз материалдарды қайтаруды жүзеге асырады;
4) жоғары тұрған органдардың бақылаудағы құжаттарының нақты орындалғаны немесе орындалмағаны туралы ақпаратты тиісінше облыс әкімі аппаратына және облыстық басқармаға дайындауды іске асырады;
5) белгіленген тәртіп бойынша облыс әкімінің, оның орынбасарларының атына облыс әкімі актілерінде қарастырылған іс-шараларды бақылаудан алу немесе мерзімін ұзарту туралы негізделген хат дайындайды.
42. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуы жайында жолданатын ақпарат міндетті түрде облыс әкімі, оның орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, облыстық басқармалар басшыларының атына аудан әкімінің, оның орынбасарларының немесе аппарат басшысының қолымен жіберілуі керек.
43. Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде, аппараттың бөлімдерінде бақылау құжаттарына бақылау жинақ папкасы (іс) ашылады және электрондық тіркеу-бақылау карточкасы толтырылады.
Істердегі құжаттар келесі тәртіппен топталады:
1) бақылауды ұйымдастырудың жоспары;
2) бақылаудағы актінің, қаулылардың, өкімдердің, шешімдердің көшірмесі;
3)бақылаудан алу туралы анықтама (бақылауға алынған құжаттан кейін тігіледі);
4)ақпараттар және жеке тармақтардың орындалу барысы туралы басқа құжаттар (хронологиялық тәртіпте орналасады).
44. Құпия құжаттардың орындалуын мемлекеттік құпияны қорғау жөніндегі маман жүргізеді.
45. Аппараттың жалпы бөлімі аппарат басшысының келісімі бойынша осы Тәртіптің сақталуына тексеріс жүргізуге және анықталған тәртіп бұзу деректері туралы басшылыққа шешім қабылдау үшін баяндауға құқылы.
5. Аппарат жиналыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастыру
46.Тапсырмалардың орындалуын бақылауды тиімді жүргізу, атқарушы органдар қызметін үйлестіру мақсатында аудан әкімі аппаратында аппарат жиналыстары өткізіліп, оған аудан әкімі төрағалық етеді.
47. Аппарат жиналыстары апта сайын дүйсенбі күндері аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында өтеді.
48. Аппарат жиналыстарын дайындауға аппараттың барлық құрылымдық бөлімшелері, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдары, қажет болғанда, орталық және облыстық мемлекеттік органдар мен олардың ведомостволарының аудандық бөлімшелері (келісім бойынша) қатысады.
49. Аппарат жианалыстарына аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, әкім аппараты бөлімдерінің бастықтары, әкімнің көмекшісі қатысады.
50. Аппарат жиналыстарында мекеме, бөлім басшыларының аймақтық және аудандық бағдарламалардың орындалуы, ауданның әлеуметтік-экономикалық және рейтингілік көрсеткіштері, облыс әкімі мен аудан әкімінің тапсырмалары, сондай-ақ алдындағы аппарат жиналыстарында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат тыңдалады.
51. Қаралатын мәселерді алдағы тоқсандағы аппарат жиналыстарының күн тәртібіне енгізу үшін әкімдік пен әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелері ағымдағы тоқсанның ақырғы айының 10-на дейін ұйымдастыру, мемлекеттік құқықтық және кадр жұмысы жөніндегі бөліміне береді. Ұйымдастыру, мемлекеттік құқықтық және кадр жұмысы жөніндегі бөлімі келіп түскен ұсыныстар негізінде аппарат жиналыстарында қарауға жоспарланған мәселелердің тізбесін қалыптастырады. Мәселелер тізбесі аудан әкімінің орынбасарлары және әкім аппараты басшысымен келісілгеннен кейін тоқсан сайын аудан әкімімен бекітіледі. Қажет болғанда, аппарат басшысының келісімімен аппарат жиналасының күн тәртібіне енгізілген мәселелер ауыстырылуы мүмкін.
52. Аппарат жиналыстарына материалдарды мемлекеттік мекемелер, аппарат бөлімдері дайындайды және оған әкімнің жетекешілік жасайтын орынбасары қол қояды.
53. Алда болатын аппарат жиналыстарына қажетті материалдар (қағаз және эдектондық тасымалдағыштағы ақпарат, мемлекеттік және орыс тіліндегі қысқаша анықтама, слайдтар) ұйымдастыру, мемлекеттік құқықтық және кадр жұмысы жөніндегі бөліміне аппарат жиналысы болатын аптаның алдындағы бейсенбіде сағат 17-00-ге дейін беріледі.
54. Аппарат жиналысына материалдардың уақытында дайындалмағаны үшін жауапкершілік мемелекеттік мемелердің басшылары, әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінің, аудан әкімі аппаратының бастықтарына жүктеледі.
55. Хаттама жобасын дайындау аппараттың жалпы бөліміне жүктеледі.
56. Аппарат жиналыстарында берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауды жетекшілік жасайтын салалары бойынша аудан әкімі аппаратының салалық бөлімдерімен бірге ұйымдастыру, мемлекеттік құқықтық және кадр жұмысы жөніндегі бөлімі жүзеге асырады.
6. Әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бастықтарын лауазымға тағайындауды және одан босатуды келісуден өткізуді ұйымдастыру
57. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес әкімнің орынбасарларын Алматы облысы әкімі аппаратының келісімі бойынша аудан әкімі тағайындайды.
58. Аудан әкімінің орынбасарларын лауазымға тағайындауды келісу рәсімін жүргізу үшін ұйымдастыру, мемлекеттік құқықтық және кадр жұмысы жөніндегі бөлімі облыс әкімі аппаратына:
- үміткердің іскерлік және жеке қасиеттері көрсетілген ұсынысты;
- үміткердің фотосуретімен қоса анықтама -негіздемені (қызмет тізімі);
- міндетті арнайы тексеруден өткені туралы мәліметті;
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты,
- өмірбаянды;
- білімі туралы дипломдардың, ғылыми дәреже және ғылыми атақ берілгені туралы құжаттардың көшірмелерін;
- 4х6, 3х4 көлеміндегі фотосуреттерді (4 данадан) жолдайды.
59. Аудан әкімінің орынбасарларын лауазымнан босатуды келісу рәсімін жүргізу үшін ұйымдастыру, мемлекеттік құқықтық және кадр жұмысы жөніндегі бөлімі облыс әкімі аппаратына:
- Жұмыстан босатудың нақты себептері мен дәйектері көрсетілген ұсынысты;
- үміткердің фотосуретімен қоса анықтама -негіздемені (қызмет тізімі);
- өтінішті (лауазымнан өз еркімен босаған жағдайда) жолдайды.
60. Тағайындалатын лауазымды тұлға облыс әкімі аппаратының бөлімдерінде, аппарат басшысында, облыс әкімі орынбасарларында әңгімелесуден өтеді, оның қорытындысы бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік құқықтық және кадр жұмысы жөніндегі бөліміне әңгімелесу парағы беріледі.
61. Аталған лауазымды тұлғаны тағайындауға келісім берілгеннен кейін аудан әкімі өкім шығарады.
62. Аппарат басшысын, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшыларын, аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімі тағайындайды.
7. Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының жұмыс кестесін қалыптастыру
63. Аудан әкімінің жұмыс кестесі аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының ұсыныстары негізінде қалыптасады.
64. Алдағы айға іс-шаралар өткізу бойынша ұсыныстар аудан әкімі атына аудан әкімі орынбасарының немесе аппарат басшысының жетекшілік жасайтын бағыттары бойынша, қолы қойылған қызметтік жазба түрінде ұсынылады:
1) жоспарланған іс-шаралар өтетін айдың 25-нен кеш емес мерзімде;
2) жоспардан тыс іс-шаралар өткізгенге дейін кем дегенде 3 күн қалғанда.
Қызметтік жазбада мыналар көрсетілуі керек:
1) іс-шараларды өткізу туралы негізделген ұсыныстар;
2) іс-шараларды өткізудің мақсаты мен міндеттері;
3) мәлелелерді аудан әкімінде қараудың қажеттілігі;
4) іс-шараларды өткізу мерзімі мен орны;
5) іс-шараға шақырылғандардың санаты туралы ақпарат;
6) баяндамашылар мен пікір алмасуға қатысушылардың тізімі.
65. Аудан әкімінің резолюциясы қойылған қызметтік жазба жұмыс кестесін дайындау мақсатымен аппарат бөлімшелерінің қарауы және тапсырмаларды анықтау үшін апппарат басшысына беріледі.
66. Аудан әкімі көтерген мәселе аудан әкімі белгілеген мерзімде жұмыс кестесіне енгізіледі. Мерзім белгіленбеген жағдайда оны аппарат басшысы өзі белгілейді.
Аппарат басшысы аудан әкімінің қатысуымен өтетін іс-шараны дайындау мен өткізуге жауапты бөлімді және материалдарды ұсыну мерзімін белгілейді.
67. Аудан әкімінің жұмыс кестесін ұйымдастыру, мемлекеттік құқықтық және кадр жұмысы жөніндегі бір айға дайындайды және жоспарланатын айдың алдындағы айының 27 күні аппарат басшысына келісуге ұсынады. Аппарат басшысымен келісілген соң жұмыс кестесі аудан әкіміне бекітуге ұсынылады. 68. Аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары кестеге сәйкес апта сайын жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдайды.
8. Аудан әкімі аппаратының жұмыс тәртібі:
69.Аудан әкімі аппаратында келесі жұмыс тәртібі орнатылған: 09-00 жұмыс басталу уақыты, аяқталуы сағат 18-30, түскі үзіліс сағат 12-30-ден 14-00-ге дейін;
70.Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің уақытша болмауын, кадр маманы тіркейді;
71.Әкім аппараты қызметкерлерінің ғимаратқа кіруі жұмыс күндері қызметтік куәлік бойынша жүргізіледі, басқа тұлғаларды - олар келіп тұрған жұмыскердің келісімінен кейін кіргізеді;
72.Әкім аппараты қызметкерлерінің ғимаратқа демалыс немесе мереке күндері кіруі қызметтілік қажеттілікке байланысты және аудан әкімінің аппарат басшысының жазбаша келісімі арқылы жүргізіледі, аудан әкімінің аппарат басшысының келісімінсіз ғимаратқа кіруге тиым салынады.
9. Аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентін сақтау жауапкершілігі
73. Осы Регламенттің тармақтарын бұзғаны үшін аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдарының бірініші басшылары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері жауап береді.

Почта


Телефоны доверия

Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы - 8 (7172) 75-33-67;

Управление Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Алматинской области - 8 (7282) 27-05-23;

Дисциплинарный совет области - 8 (7282) 27-21-43;

Аппарат акима района - 8 (72838) 2-02-56, 2-02-52

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.