Навигация

Информация

Информация

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бойынша ақпарат
 
«Рухани қазына» кіші бағдарламасы
 
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында мәдениет саласы бойынша «Жаңғыру-жасампаздық жолы» атты тақырыбында дөңгелек үстел, «күй құдыреті» атты үлгілі балалар оркестірінің концерті, 34 елді мекенде «Ұлт болашағы-рухани жаңғыру» атты қайырымдылық акция ұйымдастырылды. Аталған шараға ауыл тұрғындары/ еңбек ардагерлері, еңбек озаттары,үкіметтік емес ұйымдар,этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты, жалпы 2000 адам қамтылды.
Ауданнан шыққан танымал тұлғалар Көксу ауданының Социалистік Еңбек Ерлері Нұрмолда Алдабергенов, Мәмилә Әлімбаева, Әкімбай Оспанов, Битай Татенова, Зәкәрия Сейтова, Злиха Тамшыбаева, Молдақұл Алтаев, Бәзикүл Найманқұлова, Сейітбетқал Нұрмұхамбетов, Любовь Сальникова, Александр Хван, Мұхамеди Жарболов, Ізбасар Әбдрахманов, Матрена Горбань, Егор Герпсимовке сынды Еңбек Ерлеріне ауданның барлық мектеп кітапханаларында бұрыш арналды. Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту мақсатында «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» атты кітапханашылар байқауы өтті, шараға 100 адам қамтылды. «Латын қәрпі - келешектің кілті» атты аудандық конференциясы өтті, аудандық кітапханада танымдық сағатар тағы сол сияқты жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатыр. Бұл шараларға Үкіметтік емес ұйымдар, жастар, кітапхана оқырмандары және кітапханашылар қатысты, 200 адам қатысты. 10 ауылдық округте, 25 мектепте «Елбасы және ел мұраты» танымдық сағат өтті. Шараға жалпы 1200 адам қатысты. Барлық мәдениет үйлерінде «Рухани жаңғыру – болашақ бастауы» атты жастар арасында кездесу өткізілді. «Рухани жаңғыру - жаңарудың жаңа қадамы»атты үлкен дөңгелек үстел өткізілді. Шараға 115 адам қамтылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында үш ұрпақтың басын қосып көрші аудандарға пресс-тур ұйымдастырылды. Әулие бабаларымыз: Ескелді би, Балпық би, Айту би, Жолбарыс би, Қарынбай әулие бабаларымыздың, Дарабоз ана, Солтанбай батыр және екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Нұрмолда Алдабергенов аталарымыздың басына барып құран бағышталып, тағзым етілді. Ұрпағына өшпес із, еліне ұмытылмас мұра қалдырған бабалардың ел басқарудағы әділдігі, сөзге шешендігі, көрегенділігі, әулиелілігі жайлы кеңінен насихатталып, айтылды. Шараға 120 адам қамтылды.
«Киелі жерлер географиясы» арнайы жобасы бойынша «Жетісудың киелі жерлері» атты жобаны жүзеге асыруға аудандағы қасиетті, киелі жерлердін тізіміне Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов ескерткіші, Солтанбай батыр ескерткіші , Дарабоз ана ескерткіші ұсынылды.
«Көксуым –жұмақ мекенім» атты ауданнан шыққан ақын жазушыларының үлкен кітап көрмелері оқырмандар назарына ұсынылды. Бұл шараға аудандық ақсақалдар ұйымының мүшелері. қоғамдық ұйым өкілдері арнайы қатысты, жалпы қамтылған 250 адам.
«Тәрбие және білім» бағдарламасы «Туған жер» арнайы жобасы негізінде білім саласы бойынша Н.Алдабергенов, М.Құрманов, Қ.Жапсарбаев, Ж.Егінбаев, Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектептерінде «Ұлы тұлғалар» тақырыбында ауылдың атақты адамдарымен кездесулер, «Тіл тарихы –тіл шежіресі» тақырыптық сынып сағаттары, Латын әліпбиіне көшу бойынша түсіндірме жұмыстарын қазақ тілі пәнінің мұғалімдері жүргізіп, жиналыс барысында латын әліпбиінің тарихымен, оның қазақ жазуында қолданылуымен таныстыра, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің маңыздылығы тақырыбында кездесулер өткізді. Білім алушыларға халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа патриоттық сезімге тәрбиелеуге бағыталған. «Тіл тарихы –тіл шежіресі» тақырыбында білім беру мекемелерінде тақырыптық сынып сағаттары өтіп, білім алушыларға халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа патриоттық сезімге тәрбиелеу болды. Бұл шараларға жалпы 4000 оқушы қатысты.
Сонымен қатар жоба аясында жас ұрпақты туған жерінің тарихымен, салт –дәтүрімен таныстыру мақсатында 2017 жылдың 9-20 қазан күндері Ескелді ауданына Екі мәрте Социалістік еңбек ері Н.Алдабергеновтың тарихи –мәдени құндылығы бар мұражайына танымдық туристік бағыттарға арналған саяхат ұйымдастырылды. Бұл шараға үздік оқыған, көп балалы және аз қамтылған отбасының балалары, ата-анасының қамқорлығысыз отбасының балалары, жалпы 49 оқушысы тартылды. Барлығы шараға 4000 адам қатысты.
Жас ұрпақты туған жерінің тарихымен, салт-дәстүрімен таныстыру мақсатында Ескелді ауданында Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Н.Алдабергеновтың тарихи-мәдени құндылығы бар мұражайына танымдық туристік бағыттарға арналған саяхат ұйымдастырылды. Бұл шараға үздік оқыған, көп балалы және аз қамтылған отбасының балалары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасының балалары, жалпы саны 49 оқушы тартылды. Барлығы шараға 2000 астам адам қатысты.
Ауданның барлық мектептерінде «Латын графикасына көшу туралы менің көзқарасым» тақырыбында ең үздік мақала байқауы өтті, шараға 2000 оқушы қатысып, 150 оқушының жұмысы үздік деп танылып, жеңімпаз атанды.
Б.Құндақбаева атындағы орта мектепте өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары айбынды жауынгер, ұлағатты ұстаз, ардақты ана, аяулы жан Биғайша Құндақбаеваны еске алу шарасы өтті. Батыр анамыздың ерлігі мен халқына жасаған адал қызметін жас ұрпақ арасында дәріптеліп, маңыздылығы түсіндірілді. Шараға 150 адам қамтылды.
Сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы көрнекі болу үшін аудан көлемінде 4 көрнекі үгіт-құралдары орналастырылды.
«Атамекен бағдарламасы» бойынша
«Жомар жүрек» конкурсын ұйымдастыру мақсатында іріктеу жөніндегі комиссиясы құрылды. «Жомарт жүрек» конкурсы аясында кәсіпкерлермен кездесу өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. аясында кәсіпкерлермен кәсіпкерлермен кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ауданымыздан шыққан беделді азаматтардың тізімі жасалып, «Жерлестер» атты облыстық кәсіпкерлер форумына қатысуға 5 кәсіпкермен ШҚ басшылары ұсынылды.
«Ақпарат толқыны» бағдарламасы бойынша
Аудандық, «НұрлыКөксу» газеттерінде бірыңғай логотиппен «Рухани жаңғыру», «Мақсаты айқын-Мәңгілік Ел», «Жаңырудың жаңа белесі», «Рухани жаңғыру: Туған жерге туыңды тік» айдарларымен және тағы да басқа, жалпы 139 мақала әр бағыттағы бағдарламалар бойынша жарияланды.Аудан бойынша жалпы мәдени-саяси, спорттық 195 ісшаралар өтті, қамтылған 21775 адам қамтылды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бұқаралық ақпарат құралдарына төмендегідей материалдар жарық көрді.
  • Көксу ауданы әкімінің ресми сайтына – 650;
  • Көксу ауданы әкімдігі фейсбук желісіне – 412;
  • Көксу ауданы әкімдігі ВК желісіне – 123;
  • Көксу ауданы әкімдігі инстаграм желісіне – 129;
  • Облыстық «Жетісу» телеарнасына – 15 сюжет
  • Облыстық «Жетісу» газетіне – 32 мақала;
  • Облыстық «Алатау» газетіне – 17 мақала;
  • Облыстық «Огни Алатау» газетіне – 21 ;
  • Аудандық «Нұрлы Көксу» газетіне – 139 мақала.
Instagram», «Facebook», «В Контакте» әлеуметтік желілерінің ақпараттық алаңдарында материалдар сапалы, уақытылы салынып, пікірлерге тиісінше жауаптар беріліп тұрады. Жалпы саны 1538 материал бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
«Туған жер бағдарламасы» бойынша
«Туған жер» бағдарламасы арқылы 10 ауылдық округте жалпы құны 138,8 млн.теңге болатын 17 жобаны жүзеге асыру бойынша ұсыныс түсті. Бүгінгі күнге 5 жоба бойынша жұмыстар толық аяқталды. 2018 жылы 12 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Почта


Телефоны доверия

Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы - 8 (7172) 75-33-67;

Департамент агенства по делам государственной службы и противодействию корупции Республики Казахстан по Алматинской области - 8 (7282) 24-06-33, 24-01-66;

Дисциплинарный совет области - 8 (7282) 27-21-43;

Аппарат акима района - 8 (72838) 2-02-56, 2-02-52

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.