Навигация

Баннеры

Информация

Көксу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2016 жылы 2 тоқсан қорытындысымен атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 

2016 жылы халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту нысаны бойынша 200 000,0 мың теңге көлемінде қосымша қаражат бөлініп бас мердігер СП «НЕФТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім-шарт жасалып, құрылыс жұмыстары бойынша бүгінгі күнге Балпық би ауылының Ғарышкер, Жамбыл, Тулебаева, Жангельдина, Амангелді және Б.Момышұлы көшелерінде жүргізілуде. құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі үстіміздегі жылдың 30 тамызы деп көзделген.

«Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекшіқазақ ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту нысаны» бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеу мақсатында «АлЖеТэн» жауапкершілігі шектелі серіктестігімен 17 973 708 теңгеге келісім шарт жасалып 2015 жылы келісім-шарттың жалпы сомасынан 7,0 млн. теңгесі бөлініп толығымен игерілді. Қалған 10 973 708 теңгесі 2016 жылы бөлініп төленуде. Қазыргі таңда жоба-сметалық құжаттар әзірленуде.

Содай-ақ «Алматы облысы Көксу ауданы Қаратал ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту нысаны» бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеу мақсатында «АлЖеТэн» жауапкершілігі шектелі серіктестігімен 16 401 159 теңгеге келісім шарт жасалып 2015 жылы келісім-шарттың жалпы сомасынан 6,0 млн. теңгесі бөлініп толығымен игерілді. Қалған 10 401 159 теңгесі 2016 жылы бөлініп, төленуде. Қазыргі таңда жоба-сметалық құжаттар әзірленуде.

2015 жылы Балпық би ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуді нығайту мақсатында жобалау-сметалық құжаттама жасау үшін 10 722 513 теңгеге «Талдықорғансужоба»Институты» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. 2015 жылы аталған соманың 3 млн 500 мың теңгесі бөлініп, игерілді. Қалған 7 222 513 теңгесі 2016 жылы бөлініп, төленуде.

Жобаның ерекшелігі Мәмбет ауылынан Еңбекшіқазақ ауылындағы Балпық би ауылының жаңа су мұнарасына құбырлар тартылып, қайнар сулары сол жерге өз ағымымен жеткізіледі. Ол электроэнергияны үнемдеуге көп әсерін тигізеді. Бүгінгі күнге жоба-сметалық құжыттамасы дайындалып алынды.

Сондай-ақ Көксу ауданы Балпық би ауылының халқын жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Балпық би ауылының жылу жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту нысаны» бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеу үшін «АлЖеТэн» жауапкершілігі шектелі серіктестігімен 1 443 839 теңгеге келісім шарт жасалып, жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп алынды.

Көксу ауданы бойынша бюджеттік сала объектілері бойынша 2015-2016 жылғы жылыту маусымы аяқталды. Жылыту маусымын өткізу барысында барлық мәселелер уақтылы қаралып, проблемалар облыстық басқармалармен бірлесіп отырып, тиісті шаралар қолданылып, шешімін тапты. Облыс әкімінің 2016 жылғы 26 мамыр күнгі «2015-2016 жылдардағы жылыту маусымының қортындысы және алдағы 2016-2017 жылдардағы жылыту маусымындағы міндеттер туралы» №267 қаулысына сәйкес Көксу ауданы әкімінің өкімімен ауданда, аудандық штаб құрылып, жұмыс жоспары бекітілді. Аудандық штаб мүшелері ауылдық округтерге штаб жұмысын үйлестіруге бекітілді. Аудандық штаб, жұмыс барысында бүгінгі күнге дейін 2 рет отырыс жасады. Отырыста қаралған өзекті мәселе – тұрғын үйлердің ішіндегі жылу жүйелерін, үй астындағы инженерлік жүйелерді жөндеу және басқа да жылыту маусымына дайындық барысы мәселелері қаралды. Штабтың бюджеттік сала объектілерін тексеру кестесі бекітіліп, объектілерді тексеру жұмыстары жүргізілуде.

2016-2017 жылдардағы жылыту маусымына дайындалып, оны тұрақты түрде өткізу үшін барлық бюджеттік сала мекемелері қазырден бастап дайындалуды қолға алу мақсатында, сұйық отын, көмір сатуп алу, ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жылыту қазандықтарына қызмет көрсетуге бөлінген қаражатты тиімді пайдалану, уақтылы келісім-шарттарды жасауға, отын қорын дайындау мақсатында аудан әкімі, тиісті мекеме басшыларына қатаң түрде тапсырма беріп, жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда.

Барлық мәселелер жергілікті жерде тиісті мекемелермен уақытылы шешімін табуда.

 

Бөлім басшысы                                  Д.Абдрахманов

Почта


Телефоны доверия

Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы - 8 (7172) 75-33-67;

Управление Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Алматинской области - 8 (7282) 27-05-23;

Дисциплинарный совет области - 8 (7282) 27-21-43;

Аппарат акима района - 8 (72838) 2-02-56, 2-02-52

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.